MedSwiss медициналық орталықтары желісінде шетелдік азаматтарды Covid-19 коронавирусына қарсы вакциналау жүргізіледі.
Вакциналау үшін төлқұжат қана қажет (ДЖШСН қажет емес)!
Вакциналау кезінде «Спутник Лайт» (Sputnik Lite) вакцинасы пайдаланылады. Алдын ала жазылу +7 (812) 318-03-03 бойынша.
Вакциналаудан кейін шетелдік азаматтарға вакциналау парағы / сертификат беріледі (qr-код берілмейді).
- Вакциналау COVID-19-бен ауырмаған және бұрын егілмеген адамдарға жасалуға тиіс.
- Қайталап вакциналау адам сырқаттанғаннан кейін 6 айдан соң немесе жаңа Covid-19 коронавирустық жұқпасына қарсы вакциналаудан кейін 6 айдан соң жүргізіледі*
«Спутник Лайтпен» вакциналау бір кезеңмен жүргізіледі (препаратты бір реттік егу).
Егу процедурасы мына ретпен жүзеге асырылады:
- Терапевтің вакциналау алдындағы қарауы
- Препаратты инемен жіберу
- Емделушіні медицина орталығында жарты сағат бақылау
Терапевт дәрігердің жасайтын әрекеті:
- Індеттік сыртартқыны жинау
- Температураны өлшеу
- Күретамырлық қан қысымын тексеру
- Сатурацияны өлшеу
- Жұтқыншақты қарау
- Тыңдау
Алынған мәліметтердің негізінде терапевт дәрігер вакциналауға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтайды. Дәрігер Сізге вакциналау кезінде болуы мүмкін реакциялар туралы айтып береді.
Вакциналауға қарсы көрсетілім:
- вакцинаның қандай да бір компонентіне немесе құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаға аса сезімталдық;
- сыртартқыдағы ауыр аллергиялық реакциялар;
- жіті жұқпалы және жұқпайтын аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы — вакциналау сауыққаннан немесе дерттің беті қайтқаннан кейін 2-4 аптадан соң жүргізіледі. Жеңіл ЖРВИ, АІЖ жіті жұқпалы аурулары жағдайында — вакциналау температура қалпына келген соң жүргізіледі;
- жүктілік;
- емізу кезеңі;
- 18 жасқа дейін (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты).
Егде жастағы емделушілерге қолданылуы.
Жасы 18-ден 60-қа дейінгі ересек адамдарға қолдану көрсетілген.
*Халықаралық және ресейлік зерттеулерге сәйкес, жаңа коронавирустық жұқпамен ауырып жазылған және\немесе жаңа коронавирустық жұқпаға қарсы екпе алған адамдардағы тұрақты иммундық жауап 9-12 айға қарай басыла отырып, орташа алғанда 6 айға дейін сақталады.
Вакцина туралы қосымша ақпарат.
Шетелдік азаматтарды коронавирустан вакциналау «Спутник Лайт» (Sputnik Lite) вакцинасымен — ресейлік «Спутник V» векторлық вакцинасының жеңілдетілген, препараттың екінші мөлшерін егуді қажет етпейтін нұсқасымен жүргізіледі. Вакцинаны Н. Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасап шығарған. Коронавирусқа қарсы Sputnik Lite вакцинасы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінде 29 наурыз 2021 жылы тіркелген.
Вакцина адам үшін залалды SARS-CoV-2 вирусы пайдаланылмайтын биотехнологиялық жолмен алынған. Препараттың құрамына SARS-CoV-2 вирусының — S ақуызының генін тасымалдайтын 26 серотипті адам аденовирусының негізіндегі рекомбинантты аденовирусты вектор кіреді.
Алдын ала жазылу тел. +7 (812) 318-03-03 бойынша.